Тарихы

Қазақстандық Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі (ҚДСМ) 1997 жылы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкметінің № 1142 Жарлығымен Алматы қаласында ДДСҰ Еуропалық Аймақтық Бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі арасындағы 1996 жылдың 18 қазанындағы Келісімге сәйкес құрылды. 2000 ж. 18 қарашасында Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» (ҚДСЖМ) деп атын ауыстырды. Мектеп қоғамдық денсаулық сақтау бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, менеджмент, маркетинг, денсаулық сақтауды реформалау жағдайындағы экономика мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдар мен мекемелер басшыларының біліктілігін арттыру мақсатында құрылған.

ҚДСЖМ ТМД елдері аумағындағы осындай бейіндегі институттардың алғашқыларының бірі болып табылады және осы таңда Қазақстан және Орта Азияның мемлекеттік шенеуніктеріне жаңа ой-пікір, ғылыми білім мен тәжірибелік дағдылар ұсыну миссиясын атқарушы жетекші оқу және ғылыми орталық бола білді деп сенімді айтуға болады. Қазіргі таңда ҚДСЖМ қоғамдық денсаулық сақтау саласында ғылым мен білім аясында көшбасшылық орындарды нық ұстап тұр.

 

ҚДСЖМ алғашқы ректоры

Кульжанов Максут Каримович
E-mail: kulzhanov@ksph.kz

 

Медицина ғылымдарының докторы, профессор. АҚШ Вирджиния Достастық Университетінің шақырылған профессоры.

1972 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының Емдеу факультетін аяқтады. Аспирантураны аяқтағаннан кейін 1978 ж. ғылыми қызметкер, Гигиена және кәсіби аурулар ҒЗИ-да бөлім меңгерушісі және Денсаулық сақтау саласын жоспарлау және болжамдау зертханасының меңгерушісі болып қызмет етті.

1988 – 1990 жылдар аралығында Республикалық денсаулық сақтау орталығының Ғылыми жұмыс жөніндегі бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып тағайындалды.

1997 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ректоры етіп тағайындалды.

1982 жылы «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты, ал 1993 жылдан бастап медицина ғылымдарынң докторы.

1995 жылдан бастап – профессор, денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушысының жоғары санатына ие. 160-тан астам ғылыми еңбектің авторы. М.К. Кульжановтың басқаруымен 10 докторлық және 20-дан астам кандидаттық диссертация қорғалды. Оның бүкіл кәсіби қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру және басқару, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруімен байланысты.

Ғылыми қызмет елдің денсаулық сақтау жүйесінде терең қайта құрулардың қажеттілігін ғылыми дәлелдеуге арналған. Тікелей қатысуымен денсаулық сақтау саласының нарықтық қатынастарға өту кезінде жаңа экономикалық қатынастарды қалыптастырудың жаңа бағыттары өңделді; басқарушылық міндетті медициналық сақтандыруды және денсаулық сақтау саласын тиімді медициналық-ұйымдастырушылық басқару және қаржыландыру технологияларын енгізу арқылы жүзеге асырылды. Денсаулық сақтау саласында реформаларды жүргізудің ғылыми шараларының белсенді жақтасы бола отырып, өзінің денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы және педагог қабілетін республикада Қоғамдық денсаулық сақтау мектебін құру үшін салды. Қазақстан мен ДДСҰ Еуропалық Аймақтық бюросы арасында Қоғамдық денсаулық сақтау мектебін құру туралы келісімге қол қойылды. Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің даму қарқыны белсенді болып сипатталады. Өткен қысқа мерзімде Мектеп шетелдік серіктестермен көптеген байланыс орнатты, Қоғамдық денсаулық сақтау мектептерінің Еуропалық қауымдастығына және де оған ұқсас Азиялық-Тынық мұхит қоғамдық денсаулық сақтау одағына қабылданды. ДДСҰ ЕАБ, оның департаменттері ҚДСЖМ-ны Қазақстанда, сондай-ақ жалпы ОАА-да өз стратегиялық серіктесі ретінде қарастырады, қоғамдық денсаулық саласының 6000-нан астам маманын дайындады. Қысқа мерзімді бағдарламалармен бірге 1-жылдық сертификатталған және 2-жылдық магистрлік бағдарламалар басталды. ҚДСЖМ Қоғамдық денсаулық сақтау мектептерін аккредиттеу бойынша Еуропалық агенттікпен аккредиттелді. Бұл жағдайға халықаралық ұйымдармен үлкен жұмыс істеу тәжірибесі ықпал етеді.

Бірнеше жыл бойы Кульжанов М.К.ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ДДСҰ сарапшысы болып табылды, Еуропалық аймақта денсаулық сақтау бойынша саясат аясында мағызды жұмыс жүргізді. Қазақстан атынан бірнеше рет ДДСҰ және ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік Банк, Азия даму банкі және т.б. сияқты халықаралық ұйымдармен жүргізілген форумдарға қатысты. 2000-2004жж. ДДСҰ атқарушы комитетінің мүшесі,  COHRED Басқармасының мүшесі, АИВ/ЖИТС және туберкулезбен күрес жүргізу бойынша ғаламдық қордың, ЮНЭИДС Үйлестіру кеңесінің мүшесі болды. 2011-2017 жж. – ҚР ДСМ Этикалық комитетінің Төрағасы.

Осы таңда ДДСҰ Атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады.

Калматаева Жанна Амантаевна, медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор.

2011 ж. маусымынан 2015 ж. қазанына дейін – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебінің ректоры болды.

1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын (мамандығы – дәрігер–емдеуші, үздік диплом), 2010 жылы «Қайнар» университетін «Практикалық психолог» (үздік диплом) мамандығы бойынша бітірді.

ҚДСЖМ ректоры болып жұмыс істеген кезде ҚР ДМ ұлттық аттестаттаудан өтті, ORPHEUS – биомедицина және денсаулық туралы ғылым саласындағы докторлық білім беру бойынша еуропалық ұйымның құрамына кірді, Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша Еуропалық Агенттіктің Директорлар кеңесінің шешімімен Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша ҚДСЖМ магистратура бағдарламасының алдын ала халықаралық аккредитациясынан өтті (APHEA).

ISO 9001:2008 сапа саласындағы стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі әзірленді және енгізілді және СМЖ бойынша сертификациядан сәтті өтті.

Ж. А. Калматаеваның жетекшілігімен 6 PhD диссертация дайындалып, қорғады, 100-ден астам ғылыми жарияланымдар жарияланды.

 

 

ҚДСЖМ-нің пайда болу және даму хронологиясы:

  • 1996 жылдың қазаны –  ДДСҰ Еуропалық Аймақтық Бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі арасындағы Келісімге қол қойылды.  (1996 ж. 18 қазан).
  • 1997 жылдың шілдесі – Алматы қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі (ҚДСМ) құрылды. (1997 жылы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкметінің № 1142 Жарлығы).
  • 1999 жылдың наурызы – «0413 – Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы енгізілді (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт  министрлігінің  1999 жылы 5 наурыздағы  № 121 бұйрығы).
  • 1999 жылдың шілдесі –  «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша  мамандарды дипломнан кейінгі даярлаудың Мемлекеттік стандарты мен бағдарламасы бекітілді.
  • 2000 жылдың қарашасы – ҚДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» (ҚДСЖМ) деп атын ауыстырды (2000 ж. 18 қарашадағы ҚР Үкметінің № 1735 Жарлығы).
  • 2001 жылы ғылыми мамандықтар тізіміне бұрын қабылданған «14.00.33 – Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығының орнына  «14.00.33 – Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» мамандығы енгізілді.
  • 2001 жылдың сәуірі – ҚДСЖМ-да 09.19.02 «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» мамандығы  бойынша докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөнінде Диссертациялық Кеңес ашылды.
  • 2001 жылдың желтоқсаны – ҚДСЖМ жанынан Орта Азия республикаларында алғаш этика бойынша тәуелсіз Комитет құрылды. Оның міндеттері – ғылыми-зерттеу жұмыстар жобалары және де ғылыми зерттеулер нәтижелеріне сараптама жасау болып табылады.
  • 1999 жылдың шілдесі –  Мектеп COHRED-пен (Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер бойынша кеңес, Швейцария) белсенді қызмет жасайды.  Оның мақсаты – денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді үйлестіру және демеу  болып табылады.  ҚДСЖМ ректоры, м.ғ.д., профессор М.К. Кульжанов COHRED басқармасының мүшесі болып, м.ғ.д., Б.Е. Сарымсакова Орта Азия бойынша аймақтық үйлестіруші болып сайланды.
  • 2002 жылдың қаңтары – Мектепке «14.00.33 – Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары ғылыми-педагогикалық біліктегі аспирантура және  докторантурада мамандарды даярлауға рұқсат беретін жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру саласында білім беру қызметін жасауға құқықтандыратын 2002 жылдың 22 қаңтарындағы АА №0000608 Мемлекеттік  лицензиясы берілді.
  • 2002 жылдың маусымы – Мектеп APACH Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша Азиялық-Тынықмұхиттық Академиялық Бірлестіктің мүшесі болып сайланды.
  • 2003 жылдың қаңтары – Мектеп ASPHER Еуропа аймағындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектептер Ассоциациясының мүшесі болып сайланды.
  • 2003 жыл – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша Оқу орталығы құрылды (Food safety).
  • 2004 жылдың сәуірі – ҚДСЖМ IUHPE Денсаулық нығайиу және білім бойынша халықаралық одағының мүшесі болып сайланды.
  • 05.2005ж. – ҚР ДСМ бұйрығымен № 245 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бекітілді. Академиялық дәрежесі: “Медицина Магистрі”. Мамандығы: “611101 – Медицина”
  • 08.2005ж. – магистратура бағдарламасы бойынша  білім беру қызметін жасауға құқықтандыратын № 0008371 лицензиясы берілді.
  • 2012 ж. қазаны – ҚДСЖМ ҚР ДСМ ұлттық аттестаттауынан өтті.
  • 2013ж. наурызы – ҚДСЖМ ORPHEUS Биомедицина және денсаулық туралы ғылым саласында докторлық білім бойынша Еуропа ұйымының құрамына кірді.
  • 2013ж.18.04. —  Қооғамдық денсаулық сақтау саласында білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша Еуропалық агенттіктің Директорлар кеңесінің шешімімен (APHEA)қоғам денсаулығы бойынша ҚДСЖМ магистратураның халықаралық аккредитттеуі
  • 2012 ж.12.10. – ҚДСЖМ-да ISO 9001:2008 сапа саласында стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесі жасалды және енгізілді.
    2013ж. сәуірде «SGS Kazakhstan» халықаралық компнаиясын тарту арқылы «ISO 9001:2008 Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторларын дайындау» тақырыбына семинар өткізілді, семинардың 19 тыңдаушысына ішкі аудиторлардың халықаралық сертификаттары табысталды.
  • 2013ж. қарашасы. ҚДСЖМ «SGS Kazakhstan Ltd» компаниясымен халықаралық деңгейде СМЖ бойынша сертификаттаудан өтті және Швейцарияның SAS халықаралық сертификатын алды.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014ж. 31.03. №280 Қаулысына сәйкес «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» ШЖҚ РМК ЖОО кейінгі қосымша, кәсіби медициналық және фармацевтикалық білім саласында бейінін сақтау арқылы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті» ЖШС-ға қайта құрылды.
  • 2015ж. желтоқсанында «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігін алды.
  • 2016ж. маусымында Университет Білімдегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Сапаны қамтамасыз ету бойынша тәуілсіз қазақстандық агенттікпен институционалдық аккредиттеуден, сонымен қатар 6М110100 — «Медицина», 6М110200 — «Қоғамдық денсаулық сақтау», 6D110200 — «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуінен өтті.
  • 2017ж. қаңтары. «ҚДСЖМ» ҚМУ TQCSI (Kazakhstan) компаниясымен сертификаттау бойынша халықаралық органымен ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес келетін сертификаттаудан қайта өтті.
  • 2017ж. қыркүйегі. Университет Венгрияның Будапешт қ. Мемлекеттік онкологиялық институтімен ынтымақтастық туралы келісім жасады.
  • 2018 ж. 23 шілдеде – ғылым және білім саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатымен, Малайзияның Куала-Лумпур қаласында Малайзияның Халықаралық медицина универститеті, Малайзияның Халықаралық колледжімен бірлесіп С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық унисерситеті, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті» ЖШС және Астана қ. «Оқу-клиникалық орталығы» ЖШС арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.