Конгресс жұмысында Дүниежүзілік денсаулық ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының Аймақтық директоры Жужанна Якаб, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ДДСҰ сарапшылары, шетелден (АҚШ, Дания, Нидерланды, Финляндия, Оңтүстік Корея, Германия, Түркия, Литва, Ресей, Өзбекстан және т.б.) келген 20 жетекші ғалым, денсаулық сақтау саласының 2000-нан астам қазақстандық маманы қатысты.
«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында, Сапа айлығы-2017 аясында Алматы қаласының медициналық ұйымдары: №9 Қалалық емхана, №17 Қалалық емхана және Жедел медициналық көмек станциясымен «Емхана тіркел – міндетті әлеуметтік медицналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді анықта!» ұранымен «Денсаулық велотуры» ұйымдастырылды және өткізілді.
ЭКСПО – 2017-ге дайындық аясында 2017 жылдың 24 сәуірінен бастап 09 маусымына дейін Астана қ. «ҚДСЖМ» ҚМУ Филиалының базасында Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мамандарына арналған медициналық ағылшын тілін үйрету бойынша білім беру курстары өткізілді.
Астана қ. Университеттің филиалын құру «ҚДСЖМ» ҚМУ стратегиялық дамыту жоспарын жүзеге асыруда практикалық қадам болып табылады, соған сәйкес білім беру бағдарламалары еліміздің аймақтарының қажеттілігін есепке ала отырып, ұсынылады. Астана қ. Университет филиалы білім беру және ғылыми стандарттарға сәйкес үздік халықаралық тәжірибенің негізінде жақын орналасқан аймақтарының кадрларын дамытуға ықпал етеді.
«ҚДСЖМ» ҚМУ докторанты Маханбеткулова Динара Нургалиевна (ғылыми басқарушылары: м.ғ.д. Тоқмурзиева Г.Ж., м.ғ.д., проф. Сапарбеков М.К.) 15 – 17.05.2017 ж. SE:LFIE (Гумбольдт Карре, Берлин, Германия) «Сексуалды білім: жиналған тәжірибе және ДДСҰ Еуропа аймағындағы перспективалар» халықаралық конференциясында қатысты, ұйымдастырушысы - Германиядағы Денсаулық сақтау саласындағы федералдық білім беру орталығы (BZgA).
2017 ж. 21-22 маусым күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы мен міндетті әлеуметтік сақтандыру және емделуші айналасында денсаулық сақтаудың барлық қызметтерін біріктіруді жүзеге асыру мақсатындағы денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған 2016-2019 жж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында «Денсаулық баршаға» V Халықаралық конгрессі өтеді.